Екі миллион теңгенің ұрлығы ашылды
СҚО-ның Уәлиханов ауданында сейф ұрлаған ұры екі миллион теңгені жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қаңтарда аудандық полиция бөліміне ауылдағы үйлердің бірінде сейф қолды болғаны туралы хабар түседі.
Белгісіз біреу аспалы құлыпты бұзып, көлемі шағын металл сейфті өзімен бірге көтеріп әкетіпті. Сонымен бірге ұрының қолында 2 млн теңгеден көп ақша мен алтын бұйымдар кетті.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Екі ай ішінде полицейлер барлық нұсқаны пысықтады. Жиналған деректер мен бейнекамералардың жазбаларын қарап шыққан сақшылар көзге түскен көліктің бәрін тексеріп көрді. Соның нәтижесінде бұрын істі болған 1967 жылғы Көкшетау қаласының тұрғыны анықталды.
Жедел-тергеу әрекеттерін жүргізу барысында сейф пен бағалы заттардың бір бөлігі табылды.
Уәлиханов аудандық полиция бөлімшесінің басшысы Марат Әлжановтың айтуынша, күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме ретінде бұлтартпау шарасы таңдалған.
Тергеу барысында ол өзінің қылмысы кезінде келтірілген шығынды толық өтеді.