Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысының жас полицейлері алғашқы қызметтік куәліктерін алды

Шығыс Қазақстан облысының жас полицейлері алғашқы қызметтік куәліктерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков 30 жас полицейге алғашқы қызметтік куәліктерін табыс етті.

– Біздің қатарымызды бүгін 8 офицер және 22 сержант толықтырды. Жас қызметкерлер аға әріптестерінің дәстүрін лайықты жалғастырып, кәсіби сынақтардан абыроймен өтетініне сенемін. Әрқайсыларыңыз өз ісіңіздің нағыз кәсіби маманы болуға күш салып, заң бұзған адамдарды жазалау қағидатын қамтамасыз етулеріңіз керек, – деп атап өтті Ерлан Болатұлы.


Жас полицейлер күрделі іріктеуден өтті. Көпшілдік, әдептілік, төзімділік, заңды жақсы білу, дене шынықтыру дайындығы – осы қасиеттердің барлығы жас офицерлер мен сержанттардың бойында бар.

Осы күні департамент бастығының бұйрығымен аудандық және қалалық бөлімшелерден 46 кандидат жаңа лауазымдарға тағайындалды. Жаңадан тағайындалған қызметкерлерге Ерлан Омарбеков бірқатар міндеттер қойып, қызметте табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру