Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстанда қарсы жолаққа шыққан 39 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Шығыс Қазақстанда 39 жүргізуші қарсы жолаққа шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26-30 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың және жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Өткізілген ЖАІШ нәтижесінде, тәртіп сақшылары 6300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. Көлік құралын масаң күйде басқарған – 54, жылдамдық шегін бұзған – 770, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған 590 жүргізуші анықталды. Қарсы жолаққа шыққан 39 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған 1200-ден астам жаяу жүргіншіні жауапкершілікке тартты. Осы кезеңде 74 көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылып, 65 мемлекеттік нөмір тәркіленді.

Құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесумен қатар, полицейлер жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық жұмыстар да жүргізді, оның барысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін елеусіз қалдыру және жол қауіпсіздігі шараларын сақтамау қандай зардаптарға әкелетіні түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру