Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда төленбеген 21 айыппұлы бар жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылды

Атырауда төленбеген 21 айыппұлы бар жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1-31 мамыр аралығында, яғни бір ай ішінде қала аумағында патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, төленбеген айыппұлдары бар 130-дан астам автокөлік анықтады. Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін “Сергек” аппаратты-бағдарламалық кешендеріне түскен.

Мәселен, 28 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Құрманғазы көшесінің бойынан патрульдік полиция қызметкерлерімен Ресей мемлекетінде тіркеуде тұрған Ваз-2110 автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде аталған автокөліктің 53 жастағы жүргізушісінің  324 мың 695 теңге көлемінде төленбеген 21 айыппұлы бар екендігі анықталды. 53 жастағы жүргізушінің көлігі ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабымен арнаулы тұраққа қойылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 500-ге жуық жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру