Шығысқазақстандық полицейлер балаларға қауіпсіздік сабағын өткізді
Шығысқазақстандық полицейлер балаларға қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Aq jol» балалар-жасөспірімдер жас инспекторлар қозғалысы клубының алаңында балалар жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған қауіпсіздік сабағы өтті.
Іс-шара барысында полицейлер Өскемен қаласының түрлі мектептерінен білім алушылардың білім дағдыларын бекітті. Балаларға қауіпсіздік жадынамалары ұсынылды.
Сабақтың практикалық бөлімінде полицейлер балалармен бірге ең қауіпсіз «үйден-мектепке» баратын жолдарын салды, онда жолдардың қауіпті учаскелеріне назар аударылды.
– Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ көшелер мен жолдарда қауіпсіздік дағдыларын бекіту мақсатында ШҚО аумағында «Назар аударыңыз – балалар!» ЖПІШ өткізілуде. Аталған іс-шара екі кезеңде өткізіледі, бірінші кезең – 22-ші тамыздан 31-ші тамызға дейін және екінші кезең – 1-ші қыркүйектен 12-ші қыркүйекке дейін өтеді. Балалар жарақатының алдын алуға бағытталған мұндай шаралар барлық білім беру мекемелерінде жүргізіледі, – деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов.
Өз кезегінде қонақ ретінде шақырылған «Жолдос» мультфильм кейіпкері жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің бірінде дабылды-дауыстық құрылғы арқылы, жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге шақырды, әр жүргізуші біріншіден ата-ана екенін еске салды.
Айта кету керек, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде «Aq jol» балалар-жасөспірімдер жас инспекторлар қозғалысы клубының базасында полицейлер педагогтармен бірге балалар мен жасөспірімдерді ғана емес, олардың ата-аналарын да шақыра отырып, ашық есік күнін ұйымдастыруға ниетті. Келушілерге «Танысайық», «Жол белгілері елінде», «Жас қозғалыс инспекторы – мақтанышпен естіледі!», сондай-ақ балаларға «Жолдос көмекке асығады» мультфильмі көрсетіледі.
Мәселен, 2022 жылдың 7 айында Шығыс Қазақстан жолдарында балалардың қатысуымен 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның барысында үш кәмелетке толмаған бала қаза тауып, 64 бала жарақат алды. Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 11,4 пайызға, жарақат алғандар – 14,7 пайызға төмендеді.
Жол-көлік оқиғаларына жасалған талдау бойынша 26 апатында 27 бала-жаяу жүргінші зардап шеккен.