Шымкент: Көші-қон қызметі 4 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетті
Шымкентте көші-қон қызметі қыркүйек айының 21-27 аралығында төрт мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың қыркүйек айының 21-27 аралығында осы мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 4 мың 321 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды.
Оның ішінде 1 575 өтініш Мемлекеттік корпорация арқылы, 2 мың 746 өтініш тікелей Көші-қон қызметі басқармасымен орындалды.
Олар:
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу 15 өтініш;
- ҚР азаматтарын тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу – 1 575 өтініш;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен төлқұжаттарын ресімдеу және беру – 2 253 өтініш;
- Еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге рұқсаттар беру және бұрын берілген рұқсаттарды созу – 217 өтініш;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу - 64 өтініш;
- Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 28 өтініш;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу – 19 өтініш;
- Босқын мәртебесін беру немесе созу –14 өтініш;
- Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру 88 өтініш;
- Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ азаматтарға Виза беру және оларды созу - 42 өтініш;
- Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу - алты өтініш.
Жалпы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі саласы бойынша азаматтарға 16 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілуде.