Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент: Көші-қон қызметі 4 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетті

Шымкентте көші-қон қызметі қыркүйек айының 21-27 аралығында төрт мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қыркүйек айының 21-27 аралығында осы мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 4 мың 321 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды.

Оның ішінде 1 575 өтініш Мемлекеттік корпорация арқылы, 2 мың 746 өтініш тікелей Көші-қон қызметі басқармасымен орындалды.

Олар:
– Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу 15 өтініш;
– ҚР азаматтарын тұрғылықты жерлері бойынша тіркеу – 1 575 өтініш;
– Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен төлқұжаттарын ресімдеу және беру – 2 253 өтініш;
– Еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге рұқсаттар беру және бұрын берілген рұқсаттарды созу – 217 өтініш;
– Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу – 64 өтініш;
– Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 28 өтініш;
– Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу – 19 өтініш;
– Босқын мәртебесін беру немесе созу –14 өтініш;
– Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру 88 өтініш;
– Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ азаматтарға Виза беру және оларды созу – 42 өтініш;
– Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу – алты өтініш.

Жалпы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі саласы бойынша азаматтарға 16 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру