Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 125 020 фактісін анықтады

Шымкент қаласында 2020 жылдың 10 айында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 125 020 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2020 жылдың 10 айында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 125 020 фактісін анықтады. Барлық фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Оның ішінде 26 жүргізуші жалған мемлекеттік нөмір тағылған көлік құралын басқарғаны, 9 028 жүргізуші  көлік құралының терезесін қараңғылағаны, 6 805 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны, 215 жүргізуші шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кеткен автокөлікті пайдаланғаны, 1 834 жаяу жүргінші жол жүрісі қағидаларын бұзғаны, 12 266 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны, 121 жүргізуші жолдың қарсы жолағына шыққаны, 8 129  жүргізуші көлік құралдарын қою қағидаларын бұзғаны, 371 жүргізуші жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермегені,  24 424 жүргізуші жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны, 11 жүргізуші жарық немесе дыбыс сигналдарын орнату қағидаларын бұзғаны, 227 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені, 1 987 жүргізуші  өзімен бірге жүргізуші куәлігінің жоқ болғаны, 59 576 жүргізуші өзге де құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру