Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері қар құрсауында қалған көлікті құтқарды

Балқаш ауданының тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған көлікті шығарып, тұрғындарға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мал шаруашылықтарын аралау кезінде елсізде қалың қардың құрсауынан шыға алмай қалған көлікті байқаған. Полиция қызметкерлері қызметтік көліктерімен жолда қалған машинаны сүйреп шығарып, жол қиындығын көрген тұрғындарға көмек қолын созған.

– Бала Топар ауылының учаскелік полиция инспекторы Серік Байбосынов пен Топар ауылының учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Амангелді “Мал ұрлығы” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында шалғай орналасқан қыстақтарды аралау кезінде жаңа жауған қарға батып, жүре алмай қалған “FORD” көлігін алыстан байқаған. Қарға батқан көлікте жүргізуші мен анасы болған. Полицейлер тұрғындарға көмек көрсетіп, көлікті сүйреп шығарды, – деді Балқаш ауданы ПБ бастығының орынбасары Нұргелді Абиров.

Өз кезегінде қарға батып,  жол азабын сезінген жолаушылар көмек көрсеткен полицейлерге алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру