Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

Павлодар облысында велосипед ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда велосипедтер өте құнды, сонымен қатар немқұрайлы сақталатын мүлік болып табылады.

Күнделікті өмірде велосипедті қараусыз қалдыру және құлыппен бекітпеу жағдайлары жиі кездеседі. 

Мысалы, Ақсу қаласының полиция бөліміне кіреберісте қалдырған велосипедінің жоғалғаны туралы әйел адам хабарласқан.

Шығын 50 000 теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында
күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотталған Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты.

Ұсталған ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру