Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары академия шәкірттеріне дәріс оқыды

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары академия шәкірттеріне дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары С.Ергешов Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 2020 жылғы 25 қыркүйек күні “Сотқа дейінгі тергеп-тексеруге халықаралық нұсқаулық жіберудің тәртібі мен негіздері” тақырыбында дәріс оқыды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары өз сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қырүйектегі “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауында құқық қорғау саласына жүктелген міндеттерден бастап, Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі, екенін атап өтті.
Адам бір мемлекетте қылмыстық құқық бұзушылық жасап, кейін екінші бір мемлекеттің аумағына жоғалып кеткен кездегі қарапайым жағдайды елестетіп көрейік. Мұндай адамның жазаланбауына екі ел де мүдделі емес. Алайда, мемлекеттік егемендік қағидасынан шыға отырып, бірінші мемлекеттің құқық қорғау органдары оны екіншісінің аумағында тікелей қудалай алмайды.

Өйткені кез-келген мемлекет қылмыстық іс жүргізуге уәкілетті органдар мен адамдар өз өкілеттіктерін сол мемлекеттің аумағында ғана жүзеге асыруға құқылы. Екінші мемлекет, өз кезегінде, адамды, ең болмағанда, қылмысты білмегендіктен және дәлелдемелер жинаудың практикалық қабілетінің жоқтығынан қылмыстық қудалауға тарта алмайды.

Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу аясындағы халықаралық ынтымақтастық жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырудағы ынтымақтастықпен тығыз байланысты екенін есте ұстаған жөн. Бұл шындыққа сәйкес келеді, өйткені барлық мемлекеттер қылмыстарды анықтау және тергеу қызметін жедел-іздестіру (полиция) мен сот тергеуіне бөлмейді, әсіресе процесстің сотқа дейінгі сатысында.

– Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын басқа адамдар соттарға, прокуратураға және басқа Уағдаласушы тараптардың құзыретіне азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер (бұдан әрі – әділет мекемелері) кіретін басқа мекемелерге еркін және кедергісіз шағымдануға құқылы. Оларда әрекет ете алады, өтініштер бере алады, талап қоя алады және осы уағдаласушы тараптың азаматтарымен бірдей жағдайда басқа процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыра алады, –  деді Серік Жүрсінбайұлы.

Дәрістен қажетті мағлұмат алған курсанттар өз тараптарынан алғысын айтты. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру