Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Сенат депутаттары сайлауындағы қоғамдық тәртіпті қадағалады
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Сенат депутаттары сайлауының өтуін қадағалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамыз күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтті. Маңызды қоғамдық-саяси науқанды өткізуде тәртіп сақшылары қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударды.
Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы сайлаушылар Түркістан сарайында, ал Түркістан облысының сайлаушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында дауыс берді. Саяси шара өткен аумақ пен қоғамдық тәртіпті Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қадағалады. Қауіпті індет коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Сайлаушы мәслихат депутаттарының әлеуметтік арақашықтықты сақтап, міндетті бетперде және бір реттік қолғапта болуын, сондай-ақ карантин талаптарының қатаң сақталуына бақылау жасады. Саяси доданың қалыпты жағдайда өтуіне жағдай жасады.