Шымкент қаласының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
25 – 27 тамыз аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Шымкент қаласының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір нүктелік іс-шара барысында Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына қарасты №25 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағында Шымкент қаласы Республика даңғылы, Айбергенов көшесі, Жангелдин көшесі және Арбат аллеясында түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдер анықталды.
Нақтырағы тоғыз жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал үш азаматқа – ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орында тиісу жайты) және үш азамат – ӘҚБтК 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сондай-ақ ҚР ӘҚбтК-нің 437-бабы бойынша түнгі тыныштық бұзған үш адамға әкімшілік хаттама толтырылған.