Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды

Шымкент тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Диплом алып беремін деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында болды.

17 қазанда сағат 17:25-те Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бес жылдан бергі танысы колледждердің бірінен диплом алып беремін деп 500 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Кентау қаласының 24 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру