Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны дүкеннен картиналарды алып, ақшасын төлемей кеткен

Шымкент тұрғыны дүкеннен картиналарды алып, ақшасын төлемей кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 18 қыркүйек кешкі сағат 20:00 шамасында қаладағы ірі сауда орындарының бірінде болған. Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 48 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында дүкеніне белгісіз азамат келіп, әрқайсысы 150 мың теңге тұратын үш сурет картинасын алып, телефон қосымшасындағы электронды жалған түбіртекті көрсетіп, оқиға орнынан бой тасалағанын жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 450 мың теңгені құрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде күдіктіні тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент тұрғыны болып шықты. Жасы 33-де, жұмыссыз.

Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, бұл картиналарды достарына сыйлыққа бермек болғанын жеткізді. Қазіргі кезде полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру