Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 40 млн теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Шымкентте 40 млн теңгеге жуық ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтарға алданғанын жеткізеді. Егде жастағы әйелдің айтуынша, 3 наурызда белгісіз азаматша қайтарымсыз мемлекет тарапынан пәтер алып беремін деп сендірген. Содан белгілі мекенжайда алаяқ әйел 9 млн теңгені қолды қылып, қазіргі уақытқа дейін алдап келгенін көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды.

Дәл осы жағдаймен полицияға тағы бірнеше тұрғын шағымданып, жоғарыдағыдай алаяқтардың арбауына түскенін жеткізген. Келіп түскен ақпараттар аясында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізген шымкенттік қырағы полицейлер күдікті ретінде әйелді ұстады.

Бір жарым жыл ішінде Шымкент пен Түркістан облысының тағы 39 тұрғыны оның құрбаны болған. Олардың кейбіріне пәтерден бөлек, бизнесін қолдау үшін мемлекеттен ақша да уәде етілген.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 40 миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру