Шымкентте 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 шілдеден бастап республика көлемінде «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті Полиция қызметі басқармасы мен Шымкент қаласы бойынша Экология департаментімен бірлесе «Бадам» және «Тоғыс» су қоймасына бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді. Айта өтейік, «Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Жалпы өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде, барлығы 405 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.