Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алаяқ “пәтер алуға көмектесемін” деп тұрғынды алдап кетті

Шымкентте алаяқ “пәтер алуға көмектесемін” деп тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 31 мамырында Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам мемлекет тарапынан тегін пәтер алуға көмек беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 450 мың теңге ақшасын алып, осы күнге дейін алған ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру