Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ата-ана қарауынсыз жүрген 120 бала анықталды

Шымкентте түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау АПБ ювеналды полиция инспекторлары аудан аумағында орналасқан ойын клубтары, дәмхана мен мейрамханалар бойынша кезекті рейд жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Сондай-ақ кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде жүргенін, қаңғыбастық жайттарын анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды тұтынудың алдын алу болып табылады.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде жыл басынан бері кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 120 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Қаратау ауданының тәртіп сақшылары түнгі сағат 22-00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған 14 жасөспірім анықтады.Аталған дерек бойынша жасөспірімдердің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 7 хаттама, ал ойын-сауық мекемесінің иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы (Кәмелекте толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды.

Түнгі сағат 23-00 ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 108 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттама түзілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру