Шымкентте аудан әкімі Полиция басқармасынының жеке құрамымен кездесті
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов Еңбекші ауданы Полиция басқармасынының жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынның басты мақсаты – жергілікті атқарушы органдар мен тәртіп сақшыларының бірлесе атқарылатын жұмыс барасын пысықтау. Қазіргі таңда Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай күнделікті мобильдік топпен бірге полиция қызметкерлері карантин талаптарын сақтау мақсатында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аудан көлемінде құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес барысында жедел-қызмет жұмыстарының маңызы ерекше екені сөз болды. Сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлерімен мектептердің алдында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша және жайсыз отбасыларды анықтау, олармен профилактикалық жұмыс атқару барысы да талқыға түсті. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары тоқсан сайын халықпен кездесулерінде жергілікті тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін мәселелерді ортаға салып, әкімшілік қызметкерлерімен бірлесе талқылады.