Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бағдаршамның қызыл түсіне өткен автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Шымкентте бағдаршамның қызыл түсіне өткен автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында Ankai автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп бара жатқанын көрген. Жедел түрде полицейлер аталған қоғамдық көлік жүргізушісін тоқтатып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігімен (Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту) әкімшілік хаттама толтырылды. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Еске сала кетейік, жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында 21 ақпаннан бастап қала аумағында “Автобус” жедел-профилактикалық ic-шарасы өтуде.

Шара барысында 1 417 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: маневр ережесін бұзған – 152, ұялы телефон пайдаланған – 445, техникалық байқаудан өтпеген 119 адамға хаттама толтырылды.

Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кеткен – 90, жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзған – 93, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 83, рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген 51 жүргізуші анықталған.

Сондай-ақ, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған 19 жүргізушіге хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру