Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір апта ішінде “102” арнасына 6 мыңға жуық қоңырау түсті

Шымкентте бір аптада ішінде “102” арнасына 6 мыңға жуық қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11-16 сәуір аралығында Шымкент қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының “102” арнасына 5727 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 2592 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 11 қылмыс ашылған. Оның ішінде: ұрлық – 6, тонау – 1, басқа да – 4.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1058 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 261, жол ережесін бұзған – 635, одан басқа да 105 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру