Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 22 қылмыс ашылды
Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 22 қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 14-20 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының "102" арнасына 6 705 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған.
Бір апта ішінде бейнебақылау камералары көмегімен 22 жайт ашылды.
Олар: тонау - біреу, бұзақылық - екеу, автокөлікті заңсыз иемдену - біреу, ұрлық - 11 және басқада қылмыстар - жетеу. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 894 жайт анықталды.
Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша - 14 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша - 39, ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша - 22, жол ережесін бұзғандар – 674 , одан басқа да 145 жайт анықталды.