Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы 4 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералар арқылы төрт қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 4-10 қаңтар аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7 513 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынды.

Бір апта ішінде бейнебақылау камералары көмегімен төрт қылмыс жайты ашылды.
Олар: ұрлық – екі, бұзақылық – бір, өзінше билік ету – бір. Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 813 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды.
Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) бойынша – тоғыз жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүру) бойынша – 31, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 31, жол ережесін бұзғандар – 609 , одан басқа да 133 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру