Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен сегіз қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 08-14 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының "102" арнасына түрлі сипаттағы 6226 қоңырау келіп түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен сегіз қылмыс ашылды. Олар: ұрлық - үш жайт, тонау - бір жайт, бұзақылық - екі жайт, тағы басқа да қылмыстар.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 918 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 26 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) - 32, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) - 36, жол қозғалысы ережелерін бұзу - 740 және өзге де құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру