Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Жамбылдық полицейлер ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай, жамбылдық полицейлер салтанатты жиын өткізіп, Тараз қаласының “Жеңіс” саябағындағы ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл атаулы күн Жамбыл облысының ішкі істер органдарының ардагерлеріне де қатысты. Ауғанстан Демократиялық Республикасында ішкі істер органдарының 39 қызметкері Отан алдындағы интернационалдық борышын абыроймен атқарды.

Біз қазір құрметті еңбек демалысына шыққан, ал кейбіреулері, өкінішке орай, арамызда жоқ Ауғанстандағы әскери қимылға қатысқан ардагерлерімізбен мақтанамыз.

Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Ратаев, ІІО Ардагерлер кеңесі және Ұлттық ұлан төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин жеке құрамның атынан Ауған соғысының барлық жауынгерлеріне құрмет көрсетіп, ерлігі мен батырлығы үшін алғыстарын білдірді. Оларға мықты денсаулық, рух сергектігі мен амандық, сондай-ақ әрқашан әскери сапта болып, қазіргі ұрпаққа үлгі болуға тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру