Шымкентте бір аптада 1,7 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте бір аптада 1,7 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында 14 қаңтардан бастап “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Тәртіп сақшылары жеті күннің ішінде 1 785 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.
Атап айтқанда, іс-шара барысында ұсақ бұзақылық бойынша – 306, қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 204 азамат анықталған. ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 559, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 127, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 22 адамға хаттама толтырылды.