Шымкентте бір аптада «102» арнасына 5 мыңнан аса қоңырау шалынған
Шымкентте бір аптада «102» арнасына бес мыңнан аса қоңырау шалынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 16-22 қараша күндері Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 5 457 қоңырау шалынып, оның 2 290-ы электронды тіркеуге алынған. Бұдан бөлек, апта аралығында бейнебақылау камералары көмегімен алты қылмыс ашылған. Олар бес ұрлық жайты мен бір автокөлікті заңсыз иелену фактісі.
Ал нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 990 жайт анықталған.
ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы (Қоғамдық орындарда қоқыс қалдығын тастау) бойынша – 12, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас халде жүргендер) бойынша – 29, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) бойынша – 16, ал жол ережесін бұзғандар – 660, одан басқа 148 жайт анықталған.