Шымкентте бір күнде мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 1 077 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің өызметкерлерімен ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында қала аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бір тәулігінде жалпы 1 077 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде:
- Ұсақ бұзақылық - 126 жайт;
- Тыныштықты бұзу - 52;
- Қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу - 179;
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы - 79;
- Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру - 329;
- Қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау - 128;
- Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы - 153 жайт және басқа да құқық бұзушылықтар.