Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 66 автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 66 автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қазанда Т.Рысқұлов көшесінің бойында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері терезесі күңгірттелген Nexia маркалы автокөлікті байқап, тоқтатқан. Яғни, көліктің терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген.

Нәтижесінде, автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынатыны туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары өткен тәулікте терезесі күңгірттелген 66 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру