Шымкентте бірнеше пәтер ұрлығы ашылды
Шымкентте «Пәтер» іс-шарасы барысында 27 пәтер ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 20 мен 23 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында пәтер ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – пәтер ұрлығын ашудағы тиімділікті жақсарту, қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу, аталған қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтау. Жедел жағдайды талдау негізінде пәтер ұрлығына аса бейім аудандар анықталып, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлері қатарынан жедел топтар құрылды.
Іс-шара барысында 27 пәтер ұрлығы ашылды.
Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктеріне аса сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді ескертеді.