Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте есірткіге қатысты 11 құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде 11 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 22-26 ақпан аралығында есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шараның мақсаты – Шымкент қаласының аумағында есірткі құралдарының, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және жолын кесу. Аталған іс-шара аясында химия-фармацевтикалық, өнер кәсіптік, жеке кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар мен медициналық мекемелерінде құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттары бар дәрі-дәрмектер заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу, арнайы рұқсатсыз жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шараның екі тәулігінде есірткіге қатысты 11 құқық бұзушылық анықталып, бұрын жасалған бір қылмыс ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру