Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте дүкен сөресінен смартфон ұрлаған азамат ұсталды

Шымкентте дүкен сөресінен смартфон ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға күндізгі уақытта қаладағы электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің бірінде орын алған. Сауда нүктесіне сатып алушы кейпінде кірген ер адам, оны ешкім бақыламай тұрғанына көз жеткізіп, сөреде тұрған Samsung Galaxy A53 телефонынан ұрлыққа қарсы құрылғыны ажыратып, ұрлап кеткен.

Жайт туралы Абай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне дүкен қызметкері хабарлады. Шығын көлемі 192 мың теңгені құрады.

Бөтеннің мүлкін ұрлау жайтын полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеді.

Қылмыс орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді. Тәртіп сақшылары сауда орынының жұмысшыларынан сұрастыру жүргізіп, бейнебақылау камераларын жіті тексерді. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті қала аумағында ұсталды. Ол бұрын соңды істі болған 43 жастағы азамат болып шықты. Гаджетті ломбардқа өткізіп үлгергені белгілі болды.

Тергеу барысында ұсталған адамның тонау, алаяқтық және ұрлық секілді басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру