Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте екі айда жолдың қарсы бағытына шыққан 74 жүргізуші анықталды

Шымкентте екі айда жолдың қарсы бағытына шыққан 74 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады. Қала аумағында жыл басынан бері 74 жүргізуші қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғандары анықталды.

Осы ретте тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары қарама-қарсы бағытқа шығу секілді жол қозғалысы ережелерін бұзу көлік құралын басқару құқығынан 6 айға айырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру