Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері алаяқтарға алданған зейнеткерге ақшасын қайтаруға көмектесті

СҚО полицейлері алаяқтарға алданған зейнеткерге ақшасын қайтаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тайынша ауданында қарт тұрғынның ауылдасы зейнеткерге қатысты жасалған алаяқтықты ашқаны үшін Instagram әлеуметтік желісінде полиция қызметкерлеріне алғыс жазып жіберді.

Келлеровка ауылының 80 жастағы тұрғыны ақпан айының басында алаяққа алданып қалған. Бейтаныс әйел оның үйіне кіріп, әңгімелесе бастағаннан кейін зейнеткерді оның жасына байланысты туындаған аурулары «дуалаудың» нәтижесіде пайда болғанына сендірген. «Дуалауды жоюы тиіс» деген бірқатар мағынасыз, бірақ сырт көзге тиімді болып көрінген әрекеттерді жасағаннан кейін, алаяқ зейнеткердің жиған-терген ақшасын да «тазарту» керек деп айтқан. Алданып қалатынын сезбеген әжей барлық ақшасын – шамамен 270 мың теңгені алып шыққан. Кейін ол ақшасын қайта санап, азайып қалғанын білген. Дереу полицияға жүгінген. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері алаяқ зейнеткерге алдын-ала дайындалған сувенирлік қағаз ақшаларды бергенін айтты.

– Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру кезінде жедел уәкілдер қара түсті Skoda Octavia автокөлігін байқап қалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотталған Қостанай қаласының 50 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта іс материалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа жіберілді. Барлық адамдардан жалғызбасты қарт туыстарына қашықтықтан жасалатын және түрлі «рәсімдер» жасау арқылы болатын алаяқтық қаупін түсіндіруді сұраймыз, – дейді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру