Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған азамат ұсталды
Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 18 ақпанында Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында бір азамат ұсталды. Ол азамат қаладағы бала-бақшалардың бірінің жанында бөлшектеп қойған синтетикалық есірткі заттарын сату мақсатында жасырын орынға тығып қойған. Ұсталған азамат 1994 жылы туған жергілікті тұрғын.
Тексеру барысында аталған азаматтан 10 дана скотчке оралған синтетикалық есірткі затына ұқсас зат, бір дана есірткі сайттарын жарнамалауға арналған трафареттік жазу және бояулар тәркіленіп алынды.
Сарапшының мәліметі бойынша, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы алты граммға жуық. Сондай-ақ, үйінен екі дана скотчке оралған синтетикалық есірткі затына ұқсас зат, бір дана есірткі сайттарын жарнамалауға арналған трафареттік жазу және бояулар тәркіленіп алынды.
Аталған азаматтың қала аумағындағы бірқатар есірткі заттарын жарналамауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Полиция қызметкерлері аталған жайтқа қатысты азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.