Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин ережелері сақталмаған ойынхана анықталды

Шымкентте карантин ережелері сақталмаған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік шектеу шараларына қарамастан сақтық шаралары мен талаптарды сақтамау жайттары орын алуда. Мысалы, 2021 жылдың 8 сәуірінде түнгі 22:04-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Север шағынауданында орналасқан «Империя» ойынханасының жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Тексеру барысында мекеме қызметкерлері бір реттік бетпердені мүлдем тақпағандығы, антисептик және кіру орнында дез-кілемшенің жоқ екені, келушінің дене қызуын өлшейтін құралдың жоқтығы анықталды. 

Карантин талаптарын сақтамаған ойынхана иесін тәртіп сақшылары Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізіп, түсініктеме алды. Нысан иесі мен келуші азаматтарға қатысты жинақталған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік шара қолдану үшін Еңбекші аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру