Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин ережелерін елемеген рестобар анықталды

Шымкентте карантин ережелерін елемеген рестобар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 маусымында Әл-Фараби АПБ қызметкерлері Әл-Фараби ауданы аумағына тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында А. Адырбеков пен Тәуке хан көшесінің қилысында орналасқан “In100bar” рестобар карантиндік талаптарды сақтамай, жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Сонымен қатар дәл осы рестобар қызметкерлері кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен. Анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру