Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сыра дүкен-бары анықталды

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеп, адам қабылдаған сыра дүкен-бары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамыз күні сағат 21:45 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті «Қаратау» ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі №63 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында Шымкент қаласы Нұрсат 3 мөлтек ауданы Назарбаев даңғылы бойында орналасқан №19 үйдің жер төлесіндегі «BEERLIN» сыра дүкен-бары ашық жұмыс істеп, Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарын өрескел бұзғаны анықтады.

Кәсіпкерлік нысан иесін жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитарлық мекемесіне тиісті шара көру үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру