Шымкентте карантин кезінде жұмыс жасаған ойынхана анықталды
Шымкентте карантин кезінде жұмыс жасаған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері профилактикалық-рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында «Gladiator» ойынханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерге қызмет көрсетіп жатқанын анықтады. Жайт бойынша карантин режимінің талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған ойынхана әкімшісінен түсініктеме алынып, жинақталған іс-құжаттар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.