Шымкентте карантин режимін бұзған кафе анықталды
Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 сәуір сағат 22:46-да Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы 193 үйде орналасқан «Сем бочек 777» кафесіне мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай бір үстелде 20 адамнан асатын келушінің жиын өткізіп жатқаны, сонымен қатар, келушілердің кафеге кіру барысында дене қызуы өлшенбейтіні анықталды.
Тойхана қызметкері карантин талаптарын бұзғандығын мойындамай түсініктеме жазудан бас тартты. Осы негізде тараптардың қатысуымен АКТ түзіліп, қол қойылды.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.
Сондай-ақ карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын еске салады.