Шымкентте карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды
Шымкентте карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мобильді топпен бірлесіп Кәсіпкерлік объектілерінде карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Кезекті рейд барысында полицейлер Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтамай жұмыс істеген Қазыбек би көшесінде орналасқан «FC» комьютерлік клубын анықтады. Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар карантин режимін сақтамағаны үшін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша заңды шара қабылдау үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.