Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазаны өтеу шарттарын бұзғаны үшін ақтөбелік бас бостандығынан айырылды

Жазаны өтеу шарттарын бұзғаны үшін ақтөбелік бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адам өміріне қауіп төндіретін дене жарақатын салғаны үшін Хромтау ауданының тұрғыны М.-ға аудандық соттың үкімімен бес жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметіне есепке алынған күннен бастап, сотталған М.-ға пробация қызметкерлері жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерді толық түсіндіріп, сот міндеттерін орындамау – бас бостандығынан айырумен шектелетінін ескертеді.

Алайда, сотталған М. жаза өтеу барысында өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан бас тартып, бірнеше мәрте жаза өтеу шарттарын бұзған және мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған.

– Пробация есебіне алынған күннен бастап, Пробация тарапынан аталған сотталғанға әлеуметтік- құқтық көмектер көрсетіліп, жиі профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Сондай-ақ, Пробация қызметі аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, сотталған азаматты жергілікті жердегі ЖШС-не жұмыска кіргізді, бірақ ол азамат денсаулык жағдайына байланысты жұмыстан өз еркімен шықты. Кейін, Пробация қызметі бұл азаматқа қысқа курсты электрогаз данекерлеуші мамандығын игертіп, зауытқа екі мәрте жұмысқа тұрғызғанымен, тағы нәтиже болмады.
Осылайша ол өзіне көрсетілген рақымшылықты түсінбей, керісінше заңды талаптарды орындамауды жалғастыра берді. Сол себепті сотталған М.-ның бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығына ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданып, сотпен қанағаттандырылды. Енді ол қалған төрт жыл алты ай жаза өтеу мерзімін түзеу мекемесінде өтейтін болады, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Алтын Аққазиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру