Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын елемеген мейрамхана анықталды

Шымкентте карантин талаптарын елемеген тұрғындар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының жүргізген рейдтік іс-шаралары барысында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан «Палладиум» мейрамханасы және «Коно Hotel» қонақ үйі карантин режимін бұзғандығы анықталды.

Аталған мейрамхана мен кафе әкімшілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес әкімшілік шара қолдану үшін тиісті іс-құжаттар рәсімделіп, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру