Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған мал табылып, иесіне қайтарылды

Жамбылдық полицейлер мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 13 желтоқсанында Жуалы ауданының полиция бөліміне 54 жастағы Жүргенбай ауылының тұрғыны ауладағы сарайдан екі ешкісі ұрланғаны туралы арызданған. Сол түні Шымбұлақ ауылының 50 жастағы тұрғыны да полиция бөліміне жеті бас қойының ұрлағаны туралы хабарлады.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен жарты миллион теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Жуалы АПБ полиция қызметкерлері күдікті ретінде көрші ауылдың 30 жастағы тұрғыны мен оның жанындағы 30 жастағы “серіктесін” де анықтап, ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктілер кінәсін мойындады. Мал иелеріне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру