Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын ескермеген караоке клубы анықталды

Шымкентте карантин талаптарын ескермеген караоке клубы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 25 мамырында сағат 22:21-де аудан аумағында орналасқан “GQ” караоке клубы карантиндік шектеулерді бұзып, жиын өткізіп жатқанын анықтады. Бір үстелде 12 адамнан асатын келушілер әлеуметтік арақашықтықты сақтамай отырғандығы белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын ескермей, жұмысын жалғастырған клуб әкімшісі түсініктеме беруден бас тартқандықтан, акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру