Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантинде жұмыс істеген мейрамхана анықталды

Шымкентте карантин талаптарын елемеген азаматтар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 24 сәуір күні іс-шара барысында Еңбекші ауданы Ерімбетов көшесінің бойында орналасқан «Inizio» мейрамхана кешені қаулыға сәйкес белгіленген уақыттан тыс түнгі сағат 00:40 шамасында жұмыс жасап тұрғаны анықталды. Оның ішінде болған 30-қа жуық келушілер ПД-нің автобусымен Еңбекші ауданы ПБ-на жеткізілді.

Карантин ережесін сақтамаған азаматтардан түсініктеме алынып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Анықталған жайтқа қатысты шара қабылдау үшін Еңбекші ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру