Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кішкентай баланы алдына отырғызып, көлік айдаған жүргізуші анықталды

Шымкентте кішкентай баланы алдына отырғызып, көлік айдаған жүргізуші анықталып, оған әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы қаланың жолында орын алған құқық бұзушылықты бейнежазбаға түсіріп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің парақшасына жіберген. Бейнежазбада жүргізуші кішкентай баланы алдына отырғызып, көлік тізгіндеп бара жатыр.

Баланың өміріне алаңдаған азамат бұл жайт бойынша тиісті шара қолдануды сұраған. Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен аталған бейнежабадағы жүргізуші анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру