Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік құралдарын тоқтату ережелерін бұзған жүргізушілерге айыппұл салынды

Шымкентте жол қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тамақтану орнының алдына қойылған автокөліктерге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына қала тұрғыны Б.Момышұлы көшесі бойындағы қоғамдық тамақтану орындарының алдына тоқтап, көлік қозғалысына кедергі келтіріп тұрған автокөліктерге шара қолдануды сұрап, бейнежазба жолдаған.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Б.Момышұлы көшесінің бойында жол қозғалысы ережелерін бұза отырып,  көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе оның тоқтап тұру қағидаларын бұзу, басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіру фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігі, 597-бабы 3-бөлігі, 594-бабы 1-бөлігімен хаттамалар толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру