Шымкентте көп қабатты үйдің ауласында кәуап пісірген азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Шымкентте көп қабатты үйдің ауласында кәуап пісіріп, тұрғындардың мазасын алған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Демалыс күні Шымкент қаласы 16 – шағын ауданы 11 – үйдің тұрғындары аулада кәуап пісіріп жатқан көршілеріне қатысты шара қолдану туралы учаскелік полицейлерге шағымданған.
Полицейлер аулада кәуап пісірген азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.